«№45 ЖББ орта мектеп» КММ
Тәлімгер Суликанова Каракоз Тубасовнаның
жас маман Асаугалиев Қуаныш Амандықұлымен
жүргізген жұмыстарының есебі

Мақсаты:
Жас маманның теориялық білімін жетілдіру, оны тәжірибеде тиімді пайдалана білуге бағыттау, педагогикалық шеберлігін қалыптастыру, кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету және педагогикалық ұжыммен бірлесе жұмыс істеуге бейімдеу.
Міндеттері :
Жас маманмен арнайы құрылған жоспар бойынша жүйелі ұйымдастырылған жұмыстарды жүргізу.
Жас маманды ұжымдық ортаға бейімдеу;
Өзара сабаққа қатысу арқылы сабақ беру әдісін жетілдіру.
Оқыту технологиялары, педагог мәдениеті, кәсіби шеберлік, сабақты, сыныптан тыс шараларды, мәселелердің шешімін табу қарастырылады
Жас маманның педагогикалық әрекетін сараптау нәтижелері, олардың жоғары оқу орындарында меңгерген теориялық педагогикалық-психологиялық білімдерін, жаңадан келген жұмыс орындағы алғашқы жылында іс жүзінде пайдалануына көмек көрсету.
Жас маманның жаңа еңбек ортасындағы алғашқы жылда теориялық білімін сақтап қана қоймай, оны практикада қолдану дағдыларын қалыптастыруға әдістемелік көмек көрсету.

Атқарылған жұмыстар:
2025–2026 оқу жылында жас маман Асаугалиев Қуаныш Амандықұлына тәлімгер болып бекітілдім. Ең алдымен жас маманды мектептің ішкі тәртібімен, жұмыс кестесімен, қызметтік міндеттерімен және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ережелерімен таныстырдым.
• Қыркүйек айында жас маманның күнтізбелік-тақырыптық жоспары, қысқамерзімді сабақ жоспарлары, олардың мемлекеттік білім беру стандартына сәйкестігі тексерілді. Қажетті түзетулер енгізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді.
• Қыркүйек-қазан айларында жас маманның бірнеше сабақтарына қатысып, мұғалімнің сабаққа ойын элементтерін қолданатындығы байқалды.
• Сонымен қатар, жас маманның педагогикалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында мектептің әдістемелік отырыстарына, тәжірибе алмасу семинарларына қатысуы қамтамасыз етілді. Мектеп ұжымымен, ата-аналармен және оқушылармен өзара қарым-қатынас орнатуда оң көзқарасы мен белсенділігі байқалды.
• Қуаныш Амандықұлы қосымша 7-10 сынып қыздар мен ұлдар арасында «Волейбол» үйірмесін жүргізеді. Мектепішілік жарысты да ұйымдастырды.
• 2025 жылдың қазан айында «BILIM QAZYNA» КММ және Қалалық жас туристер стансасы ұйымдастырған мұғалімдер арасындағы қалалық «Туриада-2025» сайысы өтті. Аталған сайыс мұғалімдердің туризм саласына қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, командалық рух пен шыдамдылық қасиеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараға №45 жалпы білім беретін мектептен жас маман Қуаныш Амандықұлы белсенді түрде қатысып, жоғары спорттық дайындық пен ұйымшылдық қабілетін көрсетті. Ол жарыстың барлық кезеңдерінде белсенділік танытып, туризм техникасы мен спорттық дағдыларды меңгеру бойынша жақсы нәтиже көрсетті. Сайыс барысында жас маман өз командасымен бірлесе отырып, туристік құрал-жабдықтарды құру, кедергілер жолағынан өту, шатыр тігу және алғашқы көмек көрсету сияқты тапсырмаларды сәтті орындады.

• Жас маманның бірнеше сабақтарына қатысып, оған әдістемелік көмек көрсетілді.
Қатысқан сабақтарды тақырыптары:
3 сыныбында «Акробатикалық жаттығулар» -2 сабақ,
4 сыныбында Гимнастикалық жаттығулардың элементтері,
2 «А» сыныбында өткізген «Көрнекті ойындар» ашық сабағын жоғары деңгейде көрсете білді. Әріптестер риза болып қайтты.

Мектебімізде педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру жолдары мақсатында ай сайын жүргізіліп отырған «Ізденіс» атты шебер класының белсенді мүшесі.
Ол мынадай тақырыптарды қамтыды:
• «Заманауи мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі»
• Педагогикалық шеберлік пен жаңашылдық
«Сабақтағы белсенді әдіс-тәсілдер және оларды қолдану»
• Педагогикалық шеберлік пен жаңашылдық
«Оқытудағы жаңа трендтер: жасанды интеллект»

Қуаныш Амандықұлының сабақтарына қатыса отырып байқағаным, оқушылармен тіл табыса алады, мінез-құлқына байланысты ерекше қарым-қатынас жасауды, жайлы психологиялық ахуал орнатуды үйренді. Сабақ барысында әр қадамын ойластырып, тапсырмаларын бір-біріне байланыстырып өткізе алады.
Сонымен қатар тәжірибе алмасу мақсатында қалалық семинарларға белсенділік танытып, үнемі қатысып отырды.
5-6 сынып қыздар арасында «Волейбол» секциясын жүргізіп, қалалық жарыстарға қатыстырып, мектебіміз ІІ жүлделі орынға ие болды.

Келесі, 2026-2027 оқу жылына жас маманға ұсыныс:
* Теория бойынша көбірек тәжірибелі әріптестерімен әңгімелесу; психологиялық тренингтер,коучингтер іскерлік ойындар; семинарлар, практикумдарға жиі қатысым жасап, өз білімін жетілдіру.
* Өзінің педагогикалық мәдениетін көтеруге әрі қарай жұмыстану;
* Уақытты дұрыс жоспарлау;
* Әр сабақта оқушы белсенділігін арттыратын әдістерді қолдануды әдетке айналдыру;
* Жаңа идеяларға ашық болу;
* Өз сабағына рефлексия жасап отыру;
* Қиындықтарды бірлесе шешу.
Тәлімгері: _________ К.Т. Суликанова Күні: